Астанада үстіне кондиционер құлап қайтыс болған фельдшерге ескерткіш орнатылуы мүмкін

Астанада үстіне кондиционер құлап, ауруханада қайтыс болған фельдшерге ескерткіш орнатылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып отыр.

Ұлдана Мырзуан оқыған медициналық колледжде оның атына аудитория ашу бастамасын көтеріп отырмыз. Сонымен қатар оның есімі ұмытылмас үшін ескерткіш орнатқымыз келеді, – деді денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы 9 қабатты үйдің кірпіштен жасалған қаптамасы құлап, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барған.

Қызметкерлер жапа шеккендерге медициналық көмек беріп жатқан сәтте олардың үстіне кондиционер құлап кеткен. 23 жастағы Ұлдана Мырзуан ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда ол 10 күннен кейін қайтыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да