Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
2025 жылғы 2 желтоқсанда Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
