Астанада 165 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған әйел Ыстамбұлға қашып кеткені анықталды. Күдікті Қазақстанға депортацияланды.
Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.
Қазақстан ІІМ интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен. 27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды, — делінген хабарламада.
