95-орын. Қазақстан кітап оқудан кенде қалып бара жатыр

Не болды?

Қазақстан кітап оқу деңгейі төмен елдердің қатарына кірді. Бұл туралы Ceoworld хабарлап отыр.

Мәлімет

Ceoworld журналының 2024 жылы жасаған зерттеуіне әлем бойынша 102 елден 6,5 миллион адам қатысқан. Біз 102 елдің ішінде 95-орында тұрмыз. Өйткені Қазақстан азаматтары жылына орта есеппен небәрі 2,77 кітап оқиды.

Кітап оқитын елдер рейтиңгі
Фото: Ceoworld

Қазақстан АҚШ, Үндістан және Ресейден ғана емес, көршілес Орталық Азия елдерінен де қалып қойды. 2024 жылы бір адам Тәжікстанда 4,01, Қырғызстанда 3,96, Түркіменстанда 3,18 кітап оқыған. Кітапты Қазақстаннан да аз оқитын елдер — Ауғанстан, Бруней және Пәкістан. Ең көп кітап оқитын елдер — АҚШ (17 кітап), Үндістан (16) және Ұлыбритания (15).

АҚШ пен Үндістанда адамдар электронды нұсқаларға қарағанда қағаз кітаптарды таңдайды. Кітап оқу — өмірдегі қиындықтан алыстап, тыныштық табудың бір жолы. Кітаптар адамды өзге әлемге жетелеп, жаңа ой мен шабыт береді, — деп жазды басылым.

Қазақстан кітап оқуға жұмсалған уақыт бойынша да артта тұр. Бір адам жылына 65 сағат немесе аптасына бір сағаттай ғана уақытын кітапқа бөледі. Ал көш бастап тұрған елдер  бұдан үш-бес есе көп оқиды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да