ІІМ ел аумағында өткен «Мал ұрысы» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижелерін жариялады.
Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.
Үш күнге созылған рейд барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау үшін ауқымды тексерулер жүргізді. Министрліктің мәліметінше:
-
12 мыңнан астам мал тасымалдаған көлік,
-
3,5 мыңға жуық мал қабылдау орны,
-
8 мыңнан астам шаруа қожалығы мен ферма тексерілген.
Нәтижесінде бірқатар заңсыздықтар анықталды:
-
Астана мен Алматыда алты заңсыз мал сою цехының жұмысы тоқтатылды;
-
Елорда базарларының бірінде жалған мөр қолдану фактісі тіркелді;
-
113 күдікті ұсталып, 20 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды;
-
107 мал ұрлығы дерегі жедел ашылды;
-
800-ден астам бас мал иелеріне қайтарылды.
Өңірлердегі нақты мысалдар:
-
Павлодар облысында алты эпизод бойынша 43 бас ірі қара ұрлаған төрт адамнан құралған топ ұсталды;
-
Жетісу облысында 50 бас ірі қараны ұрламақ болған қылмыстық топ дер кезінде құрықталды;
-
Ақтөбе облысында еркін жайылымда жоғалып кеткен 20 жылқы табылып, иелеріне қайтарылды.
