Синоптиктер 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

2025 жылғы 21 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.