Алматы бойынша ЭТТД жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша кең көлемді сабақтар сериясын өткізіп жатыр.
Бұл туралы Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Іс-шара «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында 12–27 қараша аралығында ұйымдастырылды.
Дәрістер қаланың барлық жетекші ЖОО-ларында интерактивті форматта өтіп жатыр. Сабақ барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың жаңа тәсілдері, мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары түсіндіріледі.

Кибергигиенаға ерекше назар аударылып жатыр:
-
смартфонды кибершабуылдардан қорғау әдістері;
-
фишингтік сілтемелер мен қауіпті қосымшаларды анықтау;
-
жеке деректерді тиімді қорғау жолдары.
Сонымен қатар департамент қызметкерлері дипфейк технологияларының қауіптері туралы айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті сақтау жөнінде практикалық кеңестер беріп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.
