Семейде тұрғынды 2,5 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Семейде полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Семей қаласының полициясына 60 жастағы жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі бойынша арыз түскен.

Арызданушының айтуынша, оның танысы, қаланың 42 жастағы тұрғыны, пәтерді арзан алуға көмектесемін деп уәде берген. Арызданушы әйелдің сөздеріне сеніп, оған 2,5 млн теңге көлемінде ақша берген. Алайда ол уәде етілген тұрғын үйді ала алмаған.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, орталық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында күдікті айыбын толық мойындады.

Күдікті ақшаны жеке қажетіне жұмсағаны белгілі болды. Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.