«Атырау–Алматы» пойызының жүру жиілігі артты

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау–Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимаге ауысады.

Бұл туралы ҚТЖ хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, «Атырау–Алматы» бағытына пойызды күнделікті қатынауға көшіру тәулігіне шамамен 700 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Маршрутқа 15-тен астам жаңартылған купе және плацкарт вагондары шығады. Билеттер құны:

  • 17 215 теңге – плацкарт
  • 26 433 теңге – купе

Компания бұл шешім батыс пен оңтүстік өңірлер арасындағы көлік байланысын күшейтуге және қыс мезгілінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да