Алматы мен Шымкент арасындағы жол енді 4 жолақты

Не болды?

Алматы облысы Ұзынағаш-Отар автожолының соңғы бөлігі салтанатты түрде ашылды. Енді Алматы мен Шымкент арасындағы барлық бағыт төрт жолақты болды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазір ұзындығы 42 км трассаның жағдайы жақсарып, жол жүру уақыты қысқарды. Ұзынағаш-Отар автожолының бүгінгі ашық учаскесіндегі құрылыс жұмыстары былтыр басталып, екі жылда аяқталды. Жобаны іске асыруға 163 техника, 290 маман қатысып, екі асфальтбетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмылдырылды.

Естеріңізге салайық, Қызғылт қоқиқаз ұя салатын Қорғалжын қорығына баратын жол жөнделді.