БҚО-да Мәлік Отарбаевтың қатысуымен облыс активі өтті

БҚО-да ҚР президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен облыс активі өтті. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық етті.

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Актив отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауындағы тапсырмаларды өңір деңгейінде іске асыру барысы талқыланды.

Жиынды ашқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев президент жолдауы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңін айқындаған маңызды стратегиялық құжат екенін атап өтті. Әкім өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту және өнеркәсіп салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асуы жөнінде баяндады.

Активте аудан және ауылдық округ әкімдері өз өңірлеріндегі жобалардың жүзеге асу барысы мен даму жоспарлары жөнінде баяндама жасады.

ҚР президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау үшін өңірлердің белсенді ұстанымы мен жоғары жауапкершілігі шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Мәлік Нұржанұлы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, президент жолдауында белгіленген басым бағыттарды тиімді жүзеге асыру үшін барлық салада жүйелі және үйлесімді жұмыс қажет екенін ерекше атап өтті.