Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын төмендетеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеу тетігін реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Маркетингтік және көлік шығыстары құннан алынып тасталды, генериктердің шекті бағасы 30%-ға төмендеді. Бағалар ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алынатын 2 900 препаратқа және бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін 4 900 препаратқа қайта қаралды», – деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Нәтижесінде дәріханаларда бағалар орта есеппен 11%-ға, бірқатар танымал препараттар бойынша — 20%-ға және одан жоғары төмендеді. Бюджеттік үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады және бұл қаражат қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да