Астана мен Белград арасында тікелей рейс ашылды

SCAT компаниясы Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей рейс ашты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Астана-Белград-Астана рейсі аптасына екі рет ұшады. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл рейс сұранысқа ие. Өйткені, қазірдің өзінде 92 адам осы рейске билет алған екен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде екі ел астаналары арасында тікелей рейс ашу туралы келісімге қол жеткен болатын.  Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Сербияға визасыз ұшып бара алады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да