Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті.
Бұл туралы ҰОК хабарлап отыр.
Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.
