Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заңды қабылдады

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе құжаттарға сенат енгізген түзетулермен келісті.

Аталған заң цифрландыру саласындағы процестерді реттеуге, жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі этикалық тұрғыда енгізуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бұл — Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын құқықтық тұрғыдан реттейтін алғашқы заң.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, сенат енгізген түзетулер негізінен редакциялық және нақтылау сипатында болып, заңның мазмұны мен құқық қолдану тәжірибесіне әсер етпейді.

Жалпы отырыс барысында депутаттар түзетулерді қолдап, заң жобасын мақұлдады.