29 қазанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
2025 жылғы 29 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Астана, түнде Атырау, Көкшетау, Петропавловск қалаларында болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
