Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанауда тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен ISU Grand Prix Cup of China 2025 турнирінде қола медаль иеленді.

Бұл жетістік – отандық спортшының әлемдік мәнерлеп сырғанаудың элитасы қатарындағы орнын тағы да дәлелдеді.

Шайдоров екі бағдарлама бойынша жалпы 262,67 ұпай жинады: қысқа бағдарламада — 88,33, еркін бағдарламада — 174,34 ұпай. Нәтижесінде ол үшінші орынды иеленіп, көптеген мықты қарсыластарын артта қалдырды.

Жарыста жапон спортшысы Сюн Сато (278,12) алтын, ал итальяндық Даниэль Грассль (269,43) күміс жүлдегер атанды.

Михаил Шайдоров
ISU Grand Prix Cup of China 2025

Михаил жарыстан кейін эмоцияларымен бөлісіп, өз командасына және демеушілеріне алғыс білдірді:

Бұл қола жүлде менің жаңа маусымдағы тағы бір маңызды қадамым. Чунцинде өте мықты бәсекелестік болды, бапкерлермен сапа мен зейінге көбірек ден қойып, бар күшімізді салдық. Мен қысқа бағдарламада бағыт беріп отырып, еркін сырғанауда зейін мен эмоционалды серпілісті сақтап қалғым келді. Менің командама және қолдау көрсеткені үшін бас демеушіміз «Алтыналмас» компаниясына, басшысы Владимир Викторович Жұманбаевқа алғысымды айтамын, олардың қолдауысыз бұл нәтижеге қол жеткізе алмас едік. Біз жұмысымызды жалғастырып, маусымның келесі жарыс легіне дайындалып жатырмыз, – деді Михаил. – Бұл нәтиже мен үшін медальдан да биік, біз тек жарысқа қатысып, жүлделі орын үшін күресіп қоймаймыз, басты мақсатымыз – ең мықтылар қатарынан көрініп, Қазақстанды әлемдік аренада мықты бәсекелес ретінде көрсету, сондай-ақ елімізде спортшылар арасында мәнерлеп сырғанауды насихаттап, көбірек бұл спорт түріне көпшіліктің назарын аудару, – деді спортшы.

Михаил Шайдоров енді келесі Skate America-2025 кезеңіне дайындалып жатыр. Жарыс 14–16 қарашада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді.