Түркістан облысында басқарма басшысы қамалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айта кетейік, ресми мәліметте қолға түскен шенеуніктердің аты-жөні жарияланбаған.

Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 миллион теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 миллион теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр.

Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да