Не болды?
21 қазан күні Алматыда чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матч өтті. «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Матч 90 минутқа созылды. Екі команда есеп ашпай, тең нәтиже көрсетті. Матчтың алтыншы минутында «Пафос» ойыншысы Араухо Корреа қызыл қағаз алды. Алаңнан қуылды. Соған қарамастан, кипрлік команда шабуылдармен қауіп төндіріп отырды.
Екінші таймда «Пафос» «Қайраттың» қақпасына доп кіргізді. Алайда VAR жүйесі офсайд тіркеп, гол есептелмеді. «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыларды қайтарып, қақпаны сақтап қалды.
Осылай «Қайрат» чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бір ұпайын алды.
Контекст
Естеріңізге салайық, қақпашы Темірлан Анарбеков жақында ғана ауруханадан шыққан еді.
«Қайрат» пен «Пафос» матчы үшін Алматыда кейбір көшенің қозғалысы шектелді.
