Не болды?
Бүгін, 21 қазан күні, Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы «Қайрат» пен Кипрден келген «Пафос» клубтары арасындағы матч өтеді. Ойынға орай, стадион маңындағы көлік қозғалысы шектеледі.
Мәлімет
Ойын сағат 21:45-те басталады. Сағат 20:00-ден бастап матч аяқталғанға дейін Абай, Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектеледі.
Матчтан кейін жанкүйерлер үшін алты бағыт бойынша 60 қосымша автобус жолға шығады. Қосымша көлік Алматы Аренаға, Алматы-1 вокзалына, әуежайға және бірқатар шағынауданға қатынайды.
Қала тұрғындары мен жанкүйерлерге алдын ала жол бағытын жоспарлап, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес береміз, – делінген хабарламада.
Стадион маңында жедел медициналық көмек бригадалары кезекшілік етеді. Әкімдік жанкүйерлерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және команданы мәдениетті түрде қолдауға шақырды.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары арасындағы матч кезінде қауіпсіздік шарасын күшейтетінін мәлімдеген еді.
