Тоқаев мәдениет қайраткерінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің отбасына көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, — деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Юрий Аравин – көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор.