«Қазгидромет» РМК бүгін, 15 қазан күні Ақтау, Алматы, Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлап отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қазанда Ақтау, Алматы және Өскемен қалаларында қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) болатыны болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл халықтың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
