Израил мен ХАМАС келісімге келді

Не болды?

Израил мен ХАМАС бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойды. Бұл туралы 9 қазанда АҚШ президенті Доналд Трамп мәлімдеп отыр.

Мәлімет

Израил мен ХАМАС біздің бейбіт жоспарымыздың алғашқы кезеңіне қол қойды. Барлық тұтқын жақын күндері босатылады, ал Израил әскерін келісілген шепке дейін артқа қайтарады. Бұл — ұзақмерзімді және мәңгілік бейбітшілікке бастайтын алғашқы қадам, — деп Доналд Трамп өзінің Truth Social желісіне жазды.

Трамп бұл күнді араб және мұсылман әлемі, Израил мен АҚШ үшін «ұлы күн» деп атап, келіссөздерге атсалысқан Катар, Египет және Түркия биліктеріне алғыс айтты.

Тоқаев қолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен келіссөзде Газа секторында атысты тоқтату және тұтқындарды босату жөнінде қол жеткен келісімді қолдайтынын білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысының көмекшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдебай хабарлап отыр.

Президент Египеттегі жанама келіссөздер нәтижесінде жасалған келісімді қолдай отырып, бейбітшілікті орнатуға бағытталған Египет, Қатар, Түркия елдерінің және АҚШ-тың, соның ішінде Президент Доналд Трамптың еңбегін жоғары бағалады, — деп жазды Руслан Желдебай.

Мемлекет басшысы бұл келісімнің Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға бағытталған маңызды тарихи оқиға екенін айтып өтті.