Не болды?
8 қазанда, сәрсенбі күні алтынның бір унциясы 4 мың доллардан асып, күміс те қымбаттап, тарихи рекорд орнатты.
Мәлімет
Нақтыласақ, күміс құны 3,5% артып, бір унциясының бағасы 49,54 долларға жеткен. Дегенмен 9 қазанда, бейсенбіде күміс бағасы біршама түсті. Қазір ол шамамен 48,99 доллардан саудаланып жатыр. Алтынның бір унциясы шамамен 4 037 доллардан сатылады.
Инвесторлар мен банктер қауіпсіз актив іздеп әрі ертеңін ойлап, көп алтын сатып алып жатыр. Осының бәрі бағаның мың құбылуына әсер етеді.
