Алдағы күндері елімізде күн жылы болады

Қазгидромет алдағы күндердегі күн айын болжады. Күн жылы болғанымен, батыс пен солтүстікте жаңбыр жаууы мүмкін.

Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде күн жауын-шашынсыз, жылы болады. Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонының сілеміне байланысты. Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар өтетіндіктен, жаңбыр мен қар араласқан жауын-шашын жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, шығыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп болжанып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да