Алматыда шекара қызметінің жауынгері қайтыс болды

Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі хабарлап отыр.

Ресми ақпарат бойынша, әскери қызметші 5 қазанда Алматы облысында медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде қаза болған.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.