Алматыда сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Алматыдағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Ұлттық гвардияның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

4 қазанда 5571 әскери бөлімінде сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті. Ол қаладағы жедел көмек ауруханасына жеткізілді. Қазір медициналық көмек алып жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір қызметтік тексеріс басталған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.