Не болды?
Кәсіпкер Дана Қарағұсова 2025 жылғы 8 қазанда Қазақстаннан ғарышқа турист болып ұшайын деп жатыр. Ол New Shepard кемесінің экипаж құрамына кірді. Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36 мәрте туристерді орбитаға алып шығайын деп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Ғарышқа Дана Қарағұсовамен бірге кәсіпкер Жефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаған Аарон Ниюмән, украин кәсіпкері Виталий Островский және тағы бір жолаушы ұшады. Соңғы адам аты-жөнін жасырып отыр.
Ұзақ жылғы талпыныс
Дана Instagram-дағы парақшасына ғарышқа сапары жайлы жазған.
Адамзаттың болашағы ғарышқа байланысты. Жаңа көкжиекті бағындыру арқылы технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігімізді кеңейте түсеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы — зерттеу жобасының бір бөлігі, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу, — дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дана Қарағұсова деген кім?
Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараны ұйымдастырумен айналысқан. Ол елдегі медиа және ивент-холдиң First Media Group негізін қалағандардың бірі.
Жұрт Дана Қарағұсованы альпинист деп те таниды. Ол Килиманжаро мен Елбрусты бағындырған.
Дана Қарағұсова — экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы.
Бұл қандай сапар?
NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасының 15-сапары. Blue Origin осы жоба аясында ғарышқа 75 адамды алып шыққан. Бес жолаушы екі мәрте көкке ұшқан.
Сапар мына платформаларда ұшуға 30 минут қалғанда тікелей эфирден көрсетіледі: BlueOrigin.com, X и YouTube.
