Қыркүйектің басында рақымшылыққа ілініп, түрмеден ерте босаған экс-банкир Жомарт Ертаев тағы түрмеге түсетін болды.
Бұл туралы мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан мәлімдеп отыр.
Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сонымен қатар мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын, — деп жазған Абзал Құспан.
Еске салайық, 2020 жылы RBK Bank банкінен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілінген еді.
