Ақтауда түркі халықтарының халықаралық кинофестивалі басталды. Іс-шараның ең жарқын сәттерінің бірі – түрік актеры Бурак Өзчивиттің келуі болды.
Бұл туралы Lada.kz хабарлап отыр.
1 қазанда қызыл кілемге шыққан актерды қала тұрғындары мен қонақтары қошеметпен қарсы алды. Салтанатты ашылу рәсімі «Достық үйі» алдындағы алаңда өтті. 2 қазанда Өзчивит жанкүйерлерімен арнайы кездеседі. Іс-шараға тек алдын ала аккредитациядан өткен алғашқы 200 адам қатыса алады. Жанкүйерлер актерға сұрақ қойып, естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Фестиваль 4 қазанға дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол түркі елдерінің кинематографистері мен көрермендерін біріктіретін маңызды мәдени алаңға айналады.
Айта кетейік, Бурак Өзчивит – Түркияның ең танымал актерларының бірі.
