«Қайрат» — «Реал»: Халық желіде не жазып жатыр?

30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда тарихи матч өтті. «Қайрат» өз алаңында испандық «Реал Мадридпен» ойнап, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Алайда бұл матчтың мақсаты жеңіс емес еді.
Халық әлеуметтік желіде матч туралы не деп жатыр? Материалдан оқыңыз.

Билет құны шарықтады

Жанкүйерлердің естен кетпес ойынды тамашалауға төлеген ақысы да біраз уақыт естен кетпесі анық. Алайда қатары жақын орындардың құны тым алшақ болған.

Қуандық Мағзамов деген қолданушы бір сектордың алдыңғы екі қатарындағы орындардың құнына таңғалып отыр. Бір сектордың екі қатарындағы орын құны 30.000 теңге, ал дәл соның артындағы орындар 150.000 теңгеге сатылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Магзамов Куандык (@magzamov_kuandyk)

Бір билет = бір көлік

Біреулер 30.000 теңге мен 150.000 теңге арасындағы дауды шеше алмаса, енді бір көрермен миллион тұратын бір билетке көлігін айырбастаған.

Ол билет сатылған күні ресми сайттан сатып алып үлгермеген. Амал жоқтан алып-сататындардың қызметіне жүгінген.

Олар сұраған 1 миллион теңгенің орнына өз көлігімді ұсындым, — дейді жанкүйер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Стадиондағы жанкүйерлердің үні пәс

Желі қолданушылары алаңда қиқулап, «Қайратты» қолдауға ерінген көрермен жиылған. Продюсер Перизат Мырзахмет «Жігіттер бос стадионда ойнағандай болды» деп жазып отыр.

"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

Ал стендапер Жансая Мұратбек «Жалғыздың үні шықпас» деп, тамағы ауырып қалғанын жазған.

"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

Ернар Алмабек — «Қайрат» командасына студент кезінен жанкүйер. Ол стадионға футбол көруге алғаш келгендер келіп отырғанын байқаған.

Ол бәрі тыныш отырып, өзі ғана қолдағандықтан, өзін «жынды» сезінгенін жазған.

"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

Трансляция тоқтай берді

Матчтың тікелей трансляциясы «Қазспорт» пен «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетілді. Алайда сайт өте баяу істеп, тікелей көрсетілім өшіп қалып немесе үзіліп кетіп отырды.

Кейбір көрермен ойынды «Кинопоиск» платформасынан, кейбірі «ұрлайтын» сайттардан көргенін де жазып жатыр.

Қайрат-Реал
Фото: Threads
"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

Ticketon.kz мен Bankffin.kz жауапсыздығы

Матчқа бес сағат қалғанда Ticketon.kz пен Bankffin.kz кейбір адамның билетін жарамсыз етіп тастаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алуа Секишева (@aluaseva)

Қолданушылар былай жазып жатыр: «Адамдар сағаттап онлайн кезекте тұрып, көптен күткен билетті әрең алды. Адал ақша төлеп, сапарын жоспарлап, уақытын, күшін, қаражатын жұмсады. Алайда екі компания соның бәрін бір сәтте жоқ қылыпты».

Кейбір жанкүйерлер тіпті жолға шығып қойған еді – бір күн бұрын басқа қалалардан пойызбен, ұшақпен келе жатты. Ал матчқа бес сағат қалғанда олардың билеті жоқ екені белгілі болды. Бұл не масқара? Ticketon.kz пен Bankffin.kz компанияларына халықтың еш керегі жоқ сияқты. Ал бұл жағдаймен тікелей байланысты деп көрсетілетін Тимур Турлов әлі күнге дейін ешқандай реакция білдірген жоқ. Не кешірім, не шешім, не адамдардың еңбегі мен уақытына қарапайым құрмет те жоқ,- дейді желі қолданушысы Алуа Секішева.

Жұлдызы жанған Шерхан

Әлеуметтік желі қолданушылары «Қайрат» пен «Реал» ойынында қақпашы болған Шерхан Қалмұрзаға рақмет айтып, «кешірімді сен емес, қолдай алмаған біз сұрауымыз керек» деп жатыр.

Ол ойын барысында жеті рет save жасаған. Шерхан қақпаға соққан доптарды ұстап қалмаса, ойын қорытындысы 0:12 болар еді.

Қолданушылар 18 жастағы Шерханның үлкен матчтарға қатысу тәжірибесі «Реал» ойыншыларына қарағанда әлдеқайда аз екенін, Мбаппе қақпа айналасында гол соқпақ болғанда жалғыз өзі жартылай қорғаушы әрі қақпашы болып жүргенін ескерген жөн екенін айтып жатыр.

"Қайрат-Реал"
Фото: Threads
"Қайрат-Реал"
Фото: Threads
"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

«Ойын бітсе де, шайқас әлі бітпеді»

«Қайрат» командасын дәл осы сөзбен қолдап жатқан желі қолданушылары бар. Олардың жазуынша, «Қайраттың» чемпиондар лигасына шығуы әрі дәл осындай топтарға қарсы өнер көрсетуі — біз үшін үлкен жеңіс. Бастысы, Қазақстан азаматтары «Қайратпен» бірге.

"Қайрат-Реал"
Фото: Threads
"Қайрат-Реал"
Фото: Threads
"Қайрат-Реал"
Фото: Threads

Естеріңізге сала кетейік, бұл матч – Чемпиондар лигасының екінші туры. Ойын барысында Мбаппе хет-трик жасап, Эдуарду Камавинга мен Брайм Диаз бір-бір гол соқты. Корольдік клуб Чемпиондар лигасын 15 рет ұтқан, ал «Қайрат» үшін – бұл тұңғыш чемпиондар турнирі.