Жеті облыстың жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Абай мен Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжанып жатыр.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.
