Не болды?
«Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті.
Мәлімет
«Реал Мадридтің» шабуылдаушысы Мбаппе 25-минутта пенальти теуіп, гол соқты. Одан кейін Мбаппе ойынның 52-ші және 74-минуттарында гол соқты. Ал ойынның 83-минутында Камавинга, 90+3-минутына Диаз қақпаға доп кіргізіп, ойын 0:5 есебімен аяқталды.
«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза жеті сейв жасады.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойнады.
«Қайрат» 18 қыркүйекте Португалияның «Спортиң» командасымен ойнаған еді.
«Қайрат» 26 тамызда плей-офф кезеңінде сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпиондар лигасының негізгі бөлігіне жолдама алған еді.
«Қайрат» — Қазақстан тарихында топтық кезеңге шыққан екінші клуб. Бұған дейін бұл жетістікке 2015/2016 маусымында «Астана» жеткен еді.
