Не болды?
2025-26 маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матч өтті. Қазақстандық «Қайрат» лиссабондық «Спортиңнен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Португалия астанасы Лиссабонда, Жозе Алваладе стадионында өтті.
Мәлімет
Есепті алғашқы таймның соңында лиссабон ойыншылар ашты – 44-минутта Франсишку Тринкан гол соқты.
Екінші таймның басынан бастап небәрі төрт минут ішінде (64–68-минуттар арасы) «Қайрат» қақпасына қатарынан үш доп жіберіп алды. Голдарды Франсишку Тринкан, Алиссон Сантос пен Жеовани Кенда тепті.
Алматы командасы 86-минутта гол соқты – Эдмилсон «Қайраттың» жалғыз голын соғып, кездесуді 4:1 есебімен аяқтады.
Пенальтиді қайтарған Шерхан
18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза чемпиондар лигасындағы дебютінің 18-минутында Мортен Юлманн тепкен пенальтиді қайтарды.
Осылай, «Қайрат» топтық кезеңді жеңіліспен бастады. Бұл құраманың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін айтарлықтай қиындатады.
Контекст
«Қайрат» 26 тамызда плей-офф кезеңінде сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпиондар лигасының негізгі бөлігіне жолдама алған еді.
«Қайрат» Қазақстан тарихында топтық кезеңге шыққан екінші клуб. Бұған дейін бұл жетістікке 2015/2016 маусымында «Астана» жеткен еді.
«Қайрат» пен «Реал-Мадрид» 30 қыркүйекте Қазақстанда ойнайды. Билет сатылып жатыр.
