Қырғызстанда ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс кезінде бірден 24 лауазымды тұлға тұтқындалды.
Ұсталғандардың қатарында жеті салық қызметкері, алты шекарашы, жеті фитосанитарлық бақылау маманы және көлік министрлігінің төрт қызметкері бар.
Агенттіктің хабарлауынша, шенеуніктер Чу облысындағы Қазақстанмен шектес «Чалдовар-Автожол» өткізу бекетінде контрабандаға қатысы бар деген күдікке ілінген.
Тергеу деректері бойынша, қылмысқа Чалдовар ауылының жергілікті депутаты мен Өзбекстан азаматы да тартылған. Олар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жалған құжаттармен тауар әкелу үшін жалған компаниялар құрған.
Контрабанданы жасыру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне пара «М-Банк» интернет-әмияндары мен қолма-қол ақша арқылы беріліп отырған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
