Алматыда орналасқан Шымбұлақ тау-курортының камералары ерекше құбылысты түсіріп алды. Бұл туралы тау-курортының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Таудағы жағдайды тікелей эфирде көрсететін камералар курорттың 3 200 метр шыңында жүрген арқарды түсіріп алды. Жарнамалық тақтаның жанында тұрған қос мүйізді жануар жан-жағына қарап, біраз тұрып, әрі қарай кетіп қалады.
Айта кетейік, кеше Алматы тауларында қар жауған болатын.
