Не болды?
Қазақ дзюдошы Абиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтиңінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастады.
Мәлімет
Отандасымыз 5 021 ұпай жинап, рейтиңнің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орында Сәбина Гилязова (4 738 ұпай), үшінші орында Италия спортшысы Ассунта Скутто (4727 ұпай) тұр, — делінген Kazakhstan Judo Team хабарламасында.
Бір айта кетерлігі, бұған дейін қазақ дзюдошылардан тек Максим Раков, Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг әлем рейтиңінде бірінші орыннан көрінген.
Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшылар әлем чемпионатында бірінші орын алған еді.
