Министрлік зейнетақы төлемі арқылы тіс емдеуді тоқтатты

Не болды?

Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізеді. Зейнетақы төлемдері арқылы тіс емдеуге тыйым салынды.

Мәлімет

Мұндай шешімге стоматологиялық қызметке ақы төлеу түріндегі зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару фактілері ықпал еткен.

Азаматтар қаражатының бір бөлігі алаяқтық схемалар арқылы бірқатар емхананың пайдасына шығарылған. Соған байланысты, 15 қыркүйектен бастап  зейнетақы қаражатының есебінен тіс емдеуге өтінім қабылдау тоқтады, — делінген министрлік хабарламасында.

Отбасы банкінің ақпараты бойынша, 2021 жылдан бастап, 2025 жылғы 20 тамызға дейінгі кезеңде Еnpf-otbasy.kz платформасы арқылы «стоматологиялық қызметтер» мақсаты бойынша 757 млрд теңге сомасына транзакция жүрген. Оның 222 млрд теңгеден астамы ТОП-20 стоматологиялық емханаға жіберілген.

Бұл кезеңде Отбасы банкіне 29 797 өтінім түскен. Оның 26 312-і «стоматологиялық қызмет» мақсаты бойынша берілген.

Контекст

Биылғы 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағының артығын стоматологиялық қызметке пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтайтынын жазған едік.