«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 23 қыркүйекте сатыла бастайды

Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үй ойындарына билеттер сату тәртібі мен мерзімін жариялады.

Клубтың мәліметінше, «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына билеттерді сату 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталады. Матчтың өзі 30 қыркүйекте Алматы орталық стадионында өтеді.

Бір ЖСН-ға екіден артық билет сатып алуға болмайды. Бұл талап деректерді тек сатып алу кезінде ғана емес, стадионға кіру барысында да қатаң тексеріледі.

Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіленген. Клубтың айтуынша, бұл УЕФА талаптарына және халықаралық тәжірибеге сай.

Желіде алдын ала сату туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Билеттерді тек ресми арналардан сатып алған жағдайда ғана олардың түпнұсқалығына және стадионға кіруге кепілдік беріледі, — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді деп жоспарланған.