Қазақстанның кей тұрғыны цифрлық азық-түлік ваучерін алады

Қазақстанда әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындарға цифрлық азық-түлік ваучерлері таратылады. Ашық НҚА порталында сауда және интеграция министрлігі осындай бұйрық жобасын жариялап отыр.

АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатын Көкшетау мен Павлодар қаласының тұрғындары eGov Mobile қолданбасындағы «әлеуметтік әмиян» арқылы сандық ваучерлерді пайдалана алады. Ваучерлер әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% жеңілдік береді.

Қазіргі таңда жоба Ақкөл қаласында сынақтан өтіп жатыр. Сауда министрлігі оның географиясын кеңейту үшін бұйрық жобасын талқылауға шығарды. Жоспар бойынша 2025 жылғы 29 қыркүйектен 29 желтоқсанға дейін пилоттық жоба жаңа қалаларды да қамтиды.

Жеңілдікті пайдалану үшін дүкенде зат сатып алғанда арнайы QR кодты сканерлеу жеткілікті.