Енді Алматыдан Мәскеуге тікелей баруға болады

26 қазаннан бастап Мәскеу мен Алматының арасында тікелей теміржол бағыты ашылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр.

№ 7/8 «Алматы-Саратов» пойызының құрамындағы вагондар Саратов станциясына дейін барады. Одан кейін вагондарды «Дербент-Мәскеу» бағытындағы № 85/86 бағытына жалғап, Мәскеуге жөнелтеді.

Мәскеуге тікелей баратын «Алматы-Мәскеу» бағытындағы вагондар күнара жүреді және олар бір купелік және бір плацкарт вагоннан тұрады, — делінген хабарламада.

Жолаушылар үшін билеттер онлайн түрде қолжетімді болады.