Алматының Түрксіб ауданында жаңа демалыс аймағы пайда болды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жаңа қоғамдық кеңістік Жас Қанат шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылды.
Жоба аясында жол-асфальт жабыны төселді, аумақ көгалдандырылды, жарық бағаналары, сәндік пішіндер, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды. Сонымен қатар жаңа аялдама кешені жасалды, қауіпсіздік мақсатында демалыс аймағының айналасына бейнекамералар орнатылды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 32 жоба жүзеге асырылды.
