Шымбұлақтағы аспалы жолдар қараша айына дейін жабылады

Не болды?

Шымбұлақта қарашаға дейін үш аспалы жол жабылады. Бұл туралы тау-шаңғы курортының әкімшілігі хабарлап отыр.

Мәлімет

Шаңғы маусымына дайындық аясында төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Профилактика – жұмысымыздағы маңызды процесс. Біз маусым сайын екі рет алдын алу шараларын жасау үшін жабыламыз. Ақауларды анықтап, жөндейміз, қажет бөлшектерді ауыстырамыз, арқан жолдарды тексереміз, – делінген хабарламада.

Аспалы жолдарды жөндеу кестесі:

  • «Медеу – Шымбұлақ» – 6 қазаннан 17 қазанға дейін;

  • «Комби-1» – 6 қазаннан 1 қарашаға дейін;

  • «Комби-2» – 15 қыркүйектен 1 қарашаға дейін.

Ал ККД-4 қалыпты режимде сағат 9:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні «Шымбұлақ» тау курортында «Комби-2» арқан жолының қозғалысы техникалық ақауларға байланысты тоқтады. Кабиналарда көтеріліп бара жатқан қонақтар 14:54-те толық эвакуацияланды.