Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды

Не болды?

Интерполдың ұлттық орталық бюросынан Қазақстан ІІМ  сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Азамат ҚР қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр.

Пара беру, Күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да