Алматыда автокөлікпен соғысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 06:15-те Әуезов ауданында болған. Нәтижесінде автобус Chevrolet Cobalt көлігімен соғысып, қозғалысын тоқтатпастан жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – делінген хабарламада.