Əкімдіктің баспасөз қызметінің мəліметі бойынша өңір басшылары Мәлік Мырзалин мен Жансейіт Түймебаевтардың қатысуымен өтетін кездесу барысында тараптар Ақмола облысы мен Оңтүстік-Қазақстан облысының ерекшеліктері мен экономикалық әлеуетін, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайтын болады.
Делегация Көкшетау-Шымкент жаңа әуе бағытының салтанатты ашылу рәсіміне қатысуды, интеграция аясында аймақаралық байланысты дамыту мен кеңейту жөнінде меморандумдарға қол қоюды және бірқатар ұжымдардың жұмысымен танысып, өндірістік нысандарды аралауды көздеуде.
