Батыс Қазақстанда «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті

2025 жылғы 17 сәуірде Оралдағы «Оқушылар үйінде» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген қарар аясында пікір алмасты.

85f28c1377e2fa3f73b83a1383275223 Батыс Қазақстанда «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті

Пікірсайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды. «Үздік мақала» номинациясы бойынша Дүйсенғалиев Айдос марапатталса, «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды.

Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды турнир.