Жеңіс күні қарсаңында мерекелік ленталар таратылады

Елордада Жеңіс күні қарсаңында ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалуға бағытталған «Жеңіс лентасы» жыл сайынғы шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл патриоттық акция аясында ленталар 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін қаланың бірнеше нүктесінде, соның ішінде «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр», «Mega Silk way» сауда ойын-сауық орталықтарының маңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында таратылады.

Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды. 2015 жылы Жеңіс лентасы ресми жаңартылып, жаңа дизайнда таныстырылды.   Жеңіс лентасы — аспан көк түсті және ортасында алтын түсті ұлттық өрнек элементтері пайдаланып жасалған жібек маталы лента.

 

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!