15 жасқа дейін қыздар арасында өнер көрсеткен Әсел Серікбай әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Ол швейцарлық жүйе бойынша өткен 9 турдан 8,5 ұпай жинады.
Ал, 13 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7,5 ұпай жинап, Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
Жалпы Әлем чемпионатына 45 мемлекеттен 670 спортшы шеберлік байқасты. Оның отыз үші — қазақстандық. Қос спортшымыз енді қыркүйек, қазан айларында Уругвай және Италияда өтетін Әлем чемпионаттарына дайындалады.