Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 қаңтардан 23 қаңтарға дейін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Атлантикалық циклон ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы қалыптасады. Батыста, оңтүстікте және 20-21 қаңтарда елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болжанған.

18 қаңтарда Түркістан облысында, 20 қаңтарда Ұлытау облысында, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында, 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында күшті жауын-шашын болжанып отыр.

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы тарала бастайды, бұл ауа температурасының түнде едәуір төмендеуіне әкеледі:

  • батыста 10-20 градус аязға дейін;
  • солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аязға дейін;
  • орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін;
  • елдің оңтүстігінде 12-25 градус аязға дейін.

Синоптиктер Қазақстан азаматтарын мұқият болып, қатты аязға және күрделі ауа райы жағдайларына дайын болуға шақырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да